Жастар саясатыҚоғам

Болашаққа Бағдар

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Мақсатымыз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазіргі кезде жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жете алатынына көз жетті. Бәсекелік қабілет дегеніміз — ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл жерде тек материалдық өнім ғана емес, сонымен қатар, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы да мүмкін. Прездентіміз өз жолдауларында үнемі ескертетіндей болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалмақ. Сондықтанда айтпағым болашаққа үмітпен қараған елдің әрбір азаматы бүгінгі сұрансықа сай мамандықтарды игеріп лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

Жалпы, мамандық таңдаудың өзі әрі қиын, әрі қызық мәселе. Мектепте оқып жүрген әрбір баланың бір салаға деген қызығушылығы болады. Бірақ өсе келе оған айналасындағы жағдайлар да әсер етпей қоймайды. Қоғамда көп ретте жастар жұмысшы мамандықтарына жиі бара бермейді. Кейде алдыңғы буын өкілдері жастарды кінәлай сөйлейді. Бәрінің бірден әкім, прокурор сияқты лауазымды орынға барғысы келеді дегенін де жиі естиміз. Бірақ бүгін ғана қолына диплом алған жасты ешкім де жайлы орынға жайғастыра салмасы анық. Алайда мамандық таңдау әр адамның өз еркі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» жолдауында «Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру» керектігін айтқан болатын. Мұның бәрі де жұмысшы мамандығына байланысты. Еліміз бүгінгідей кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп отырғанда, бір жағынан жұмысшы мамандығында оқыған жастың кейіннен кәсіп ашып, істің көзін табуына да мүмкіндігі бар. Егерде біз бүгінгі кезден жастарға дұрыс бағдар беріп, шаруашылыққа бейім қылсақ өсе келе мектеп бітіріп мамандық таңдағанда жалғыз өзіне ғана емес елі үшін де пайдалы жұмысшы мамандығын да таңдайтынына кәміл сенейік.

Бүгін ағымдағы мамыр айының 23 жұлдызы күні Жетісу облысының Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы № 1 «Абай» атындағы орта мектеп-гимназиясының 7б сыныбының оқушылары ұстаздары Исабай Айнұр Тоқтамысқызы, кәсіпкерлік палатаның эксперті Астаубаев Айдын Амангелдіұлымен бірге Талдықорған қаласындағы «JLC» сүт зауытына ‘Болашаққа Бағдар» тақырыбы аясында экскурсияға барып сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен танысып, заманауи өндірістің не екенін көзбен көріп, жұмысшы мамандығының маңыздылығымен танысып қайтты. Жас қонақтарға экскурсияны зауыттың лаборатория жетекшісі Мырзағұлова Ғалия Жұмаханқызы жүргізді.

Сөз соңында айтпағым жастарымыз мамандық таңдағанданда қанымызға сіңген тек жайлы офистерде ғана отырып қызмет етуді көздейтін көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды санамыздан өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес деуге болады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СУАРМАЛЫ МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

«БІЛІМДАР БОЛАМЫН!» МАРАФОНЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *