БілімЖастар саясаты

«БІЛІМДАР БОЛАМЫН!» МАРАФОНЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N49 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген іс шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ, 2022-2023 жылының I жартыжылдығына оқушыларға арналған «Кітап оқып жарысайық!» акциясы мен мұғалімдер арасында «Біз оқитын 100 кітап» марафоны ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары деңгейде өз білімдерін ортаға салған еді.

Ал, оқу жылының ІІ жартыжылдығына «Білімдар боламын!» марафоны 24 қаңтар мен 24 мамыр аралығында 2-10 сынып аралығында 20 сынып, 35 оқушы қатысып, бақ сынасты.

Бұл марафонымыздың басты мақсаты оқырманға кітап оқытумен қатар, жан-жақтылыққа баулу.

Жас ерекшелігіне қарай 3 кітаптан беріліп, 3 кезеңді толық орындап шыққан оқушыға жүлделер берілді.

1 кезең бойынша оқыған 3 кітаптың біреуінен бейнеролик жасап, 2 кезең бойынша эссе жазды, 3 кезең «Монолог оқу». Кезең бойынша балл қойылып, жеңімпаздар анықталды.

Марафонымызда жазушы, ақын, мәдениет саласының үздігі, 2005 жылдың ең үздік жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Сабырбек Дәніқұлұлы Олжабай ағамызбен мектеп әкімшілігі әділқазылық етті.

Бастауыш сыныптар арасында

4 «ғ» сынып оқушысы Абдулла Балайым -Бас жүлде (Велосипед),

1 орын- 3 «ә» сынып оқушысы Достай Жансезім ( спорттық сумка), 2 орын -4 «ғ» сынып оқушысы Сабитхан Айназ ( рюкзак), 2 орын -2 «ә» сынып оқушысы Рахим Жансерік (рюкзак), 3 орын — 2 «ә» сынып оқушысы Қалыбек Айзере-(доп), 3 орын- 2 «в» сынып оқушысы Нәби Нұрсұлтан (доп), 3 орын — 3 «д» сынып оқушысы Оразбек Шапағат – (доп), номинация иеленген оқушылар 2 «ә» сынып оқушысы Бейсенбек Нұркен, 2 «в» сынып оқушысы Әшірбек Айару, 3 «д» сынып оқушысы Балпаш Сезім,

11. 4 «ғ» сынып оқушысы Асылхан Аяулым.

5-10 сынып арасында

Бас жүлде – 5 «г» сынып оқушысы Сабырхан Бекдос (Велосипед) иеленді.

1 орын- 7 «б» сынып оқушысы Абдрахман Ақзере (спорттық сумка), 1 орын- 5 «г» сынып оқушысы Шымырбек Айару (спорттық сумка), 2 орын- 8 «в» сынып оқушысы -Азатбек Ерсұлтан ( рюкзак), 2 орын- 8 «в» сынып оқушысы Жетпісбаева Көркем (рюкзак), 2 орын- 7 «в» сынып оқушысы Қалдыбек Бибінұр (рюкзак), 3 орын- 7 «б» сынып оқушысы Оразалиева Аида (доп), 3 орын- 7 «в» сынып оқушысы Байтұрсын Ажар (доп), 3 орын- доп-10 «а» сынып оқушысы Ошақбай Дәулет (доп), 3 орын- 9 «а» сынып оқушысы Абдрахман Сымбат (доп), 3 орын- 8 «а» сынып оқушысы Нұрмат Жібек (доп) иеленді.

Номинациялар:

«Креативті шәкірт» Қалдыбек Дидар, «Мектеп мақтанышы» Нақыпбек Жания, «Үздік монолог» Қарсақбай Еркемай», «Жас қаламгер» Әшірбек Зағипа, «Әдебиет сүйер оқушы» Ашықбай Анель, «Әдебиет білгірі» Балған Сандуғаш, «Шығармашыл оқушы» Бақыт Кәусар, «Кітап сүйер оқушы» Темірбай Айым.

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» — деп Абай Құнанбаев атамыз айтқандай, кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алатынын ұмытпайық.

Марафонға қатысқан барлық оқушыларымызды жеңісімен құттықтап, болашақта еліміздің болашағын қалыптастыруда үлес қосатын білімді, ақылды, мықты азамат болуларына шын жүректен тілектеспіз.

#оқуғақұштармектеп

Болашаққа Бағдар

Алдыңғы

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздік бойынша тұжырымдама таныстырылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *