ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫ СST БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДА

Шымкентте ДДСҰ СST бағдарламасы бойынша дамуында ерекшелігі бар балаларға күтім жасау дағдыларына ата-аналарды оқыту үшін жаттықтырушыларды даярлау басталды. Оқу курсы Шымкент қалалық №6 емхана базасында өтіп жатыр. Оған қаламыздағы медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің орынбасарлары және баланы дамыту кабинеттерінің жауапты мамандары қатысуда.

–Дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-аналарын қолдау өте маңызды. Бұл тұрғыда жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруды көздеп отырмыз. Бұл курсты ұйымдастырудағы мақсат – ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мінез-құлықты басқару дағдыларын жақсарту, бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту. Сондай-ақ, жоба ата-аналардың әл-ауқатын жақсартуды да көздейді, — дейді Қазақстандағы СST бағдарламасының координаторы Виктория Ахметова.

Оқыту барысында бағдарламадағы әрбір стратегия мамандар тарапынан жіті түсіндіріліп, еркін әңгімелесу арқылы өтті. Арнайы мамандар курс аясында дамуында ерекшелігі бар балалар және олардың ата-аналармен де жұмыс жүргізді.
Оқу курсы бір аптаға жалғасты. Қажетті білім мен дағдыларды игергеннен кейін жаттықтырушылар дамуында ерекшелігі бар балалардың отбасыларымен тікелей жұмысты жалғастыратын болады.

ИГОРЬ СОН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ  

Алдыңғы

Екпе салдыру — індетті тоқтатудың бірден-бір жолы

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *