Кентау қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Төлеповтың төрағалығымен 2025-2026 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық жұмыстары бойынша штаб отырысы өткізілді.
Жиын барысында «Кентау Сервис» МКК директорының кеңесшісі Төлеу Әшірхан баяндама жасап, жылу маусымына дайындық жұмыстарының ағымдағы барысы бойынша есеп берді.
Сонымен қатар, қаладағы бюджеттік мекемелердің – мектептер, балабақшалар, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы жеке талқыланды. Әр мекеме басшысына тиісті шараларды уақытылы және сапалы орындау міндеті жүктелді.
Жиын барысында Ғалымжан Төлепов сала басшыларына заң талаптарына сәйкес нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ барлық жауапты мекемелерге жылыту маусымына дайындықты бақылауда ұстау, нысандардағы техникалық ақауларды дер кезінде жою, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Comments