Аймақ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу, сондай-ақ олардың діни сенім бостандығын құрметтеу бойынша маңызды жиын өтті.
Іс-шара Келес ауданы әкімінің аппараты басшысы Бақтияр Абдрахмановтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Жиынға арнайы шақыртумен Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Әбухан Нұрдаулет қатысты.
Жиында Әбухан Нұрдаулет күн тәртібіндегі мәселеге байланысты мазмұнды баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің діни сеніміне құрметпен қарау, олардың діни бірлестіктер жұмысына қатысуға мәжбүрленбеуі, сондай-ақ қызмет бабын діни насихаттауға пайдаланбау қағидаттарының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Өз кезегінде Бақтияр Абдрахманов мемлекеттік қызметтің зайырлылық қағидаттарына негізделгенін еске салып, дін саласында құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігін жеткізді. Ол сондай-ақ, мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілер арасында діни радикализмнің алдын алуға оң ықпал ететінін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта түсіндіру және ақпараттық жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИ ОБЪЕКТІЛЕР ЖОСПАРЛАНУДА

Алдыңғы

КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫ МАҢЫНДАҒЫ ЖОЛ БӨЛІГІ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *