Аймақ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіне қарасты Шайхана елді мекенінде дәрігерлік амбулатория бой көтеруде. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді.
— Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басты назарда. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ, алғашқы медициналық көмекті осы медициналық мекемеден алатын болады. Сондықтан ауылдық округ әкімі және мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы жүргізуді, қажетті құрал-жабдықтардың сапасына аса мән беріп, сапалы құралдар және техникамен жабдықтау қажет,- деді аудан әкімі.
Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары «STANDARD SAMPLE » тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда, нысанның іргетасы құйылып, кірпіш қалау және шатырын жабу жұмыстары атқарылып жатыр.

ҚЫТАЙ САПАРЫ: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ІРІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА БОЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: БАЗАРЛАРЫНДА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *