Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Үкіметке бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырма берген болатын. Бұл бағытта нәтижелі жұмыстар жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясының тың жобаларын ерекше атауға болады. Шымкент қаласындағы №135 жалпы орта білім беретін мектебінде «Шуағын шашқан Шымкент!» атты мектепшілік спорттық сайыс өтті. Мұғалімдер арасында өткен жарыста командалар «Волейбол», «Шахмат», «Үстел теннисі» секілді ойындар бойынша өзара бақ сынасты. Мұғалімдер арасында өткен жарыстың өтуіне мектеп директоры Берікбай Михеев мұрындық болған. Жарысқа 6 команда қатысып, бақтарын сынап, нтижесінде математика-физика-информатика бірлестігі командасы бірінші орынды олжаласа, тілдер бірлестігі командасы екінші орынды иеленді. Ал жаратылыстану бірлестігі үшінші орынды місе тұтты. Сайысқа арнайы қонақ ретінде «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы, оқу-ағарту ісінің үздігі Аманбек Ахметбаев, әріптес ағамыз Ағабек Датқаев қатысты. Өз кезегінде құттықтау сөз алған қонақтар бұқаралық спортты дамыту бағытында өскелең ұрпаққа үлгі боларлық ойын өрнегін көрсеткен ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.
Comments