Басты ақпаратСпорт

БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай 19-26 маусым аралығында БАҚ өкілдері арасында Спартакиада өтті. Спорттық шара  Тәуелсіздігіміздің  30 жылдық мерейтойына орай, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Спартакиада барысында қатысушылар 7 спорт түрінен шағын, яғни шағын футболдан, волейболдан, арқан тартудан, шахматтан, боулингтен, бильярд және үстел теннисінен сайысқа түсті.  Салтанатты марапаттау іс-шарасына  Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Манатбекұлы қатысып,  жеңімпаздарды арнайы құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.  Спартакиаданың жалпы  қорытындысы бойынша  командалық есепте 1 орынды — «Ернұр-пресс» корпорациясы, 2 орынды «Оңтүстік» телеарнасы, 3 орынды «Отырар» телеарнасы иеленді.  Спорттың «Футбол» түрінен Үздік қақпашы – Әлімбаев Нұрлан (50 мың теңге),  Үздік қорғаушы – Абдиев Давронбек (50 мың теңге),  Үздік шабуылшы – Жанболат Қалаубай ( 50 мың теңге),  ІІІ орын – «Отырар» телеарнасының командасы (100 мың теңге),  ІІ орын – Үшінші мегаполис командасы ( 150 мың теңге),  І орын – «Ернұр-пресс» корпорациясы командасы (200 мың теңге) жеңімпаз атанды.

Спорттың «Волейбол» түрі бойынша  Үздік ойыншы – Ибрагимов Сапарғали (50 мың теңге),  8Үздік қорғаушы – Қалмаханов Ғани (50 мың теңге),  Үздік шабуылшы – Әуесбеков Сәбит ( 50 мың теңге), ІІІ орын – «АКО» командасы (100 мың теңге),  ІІ орын – «Ернұр-пресс» корпорациясы командасы ( 150 мың теңге),  І орын – «Оңтүстік» телеарнасы командасы (200 мың теңге) иеленіп  жеңімпаз атанды.   Спорттың «Арқан тарту» түрі бойынша  ІІІ орын – «Рейтинг-Собкор» командасы (100 мың теңге),  ІІ орын – «Ернұр-пресс» корпорациясы командасы ( 150 мың теңге),  І орын – «Оңтүстік» телеарнасы командасы (200 мың теңге) жеңіске жетті. Спорттың «Үстел теннисі» түрінен қыздар арасында  ІІІ орын – Оразова Шынар, Отырар телеарнасы (100 мың теңге),  ІІ орын – Ташева Аида Оңтүстік телеарнасы ( 150 мың теңге) иеленді. Спорттың «Үстел теннисі» түрінен ерлер арасында ІІІ орын – Кенжебек Ғалымжан, Отырар телеарнасы (100 мың теңге),  ІІ орын – Бектұрғанов Бексұлтан, Ішкі саясат басқармасы (150 мың теңге),  І орын – Ибрагимов Сапарғали, Ернұр-пресс корпорациясы (200 мың теңге) Спорттың «Шахмат» түрінен қыздар арасында  ІІІ орын – Хайдарова Алима, «Рейтинг-Собкор» (100 мың теңге),  ІІ орын – Элтаева Малика «Жанубии Козоғистон» газеті (150 мың теңге),  І орын – Мейрбекова Майра «Оңтүстік телеарнасы (200 мың теңге).  Спорттың «Шахмат» тгрінен ерлер арасында  ІІІ орын – Шотаев Асхат, Темірқазық-Ой газеті (100 мың теңге),  ІІ орын – Балтабекұлы Мақсат, Еркін ой газеті ( 150 мың теңге),  І орын – Түйетаев Асылбек, Рейтинг-Собкор (200 мың теңге.) командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

ТАРТЫСТЫ ӨТКЕН ТУРНИР

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *