Жаңалықтар

ГҮЛНАР ҚАЛИҚЫЗЫНЫҢ «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» АШЫҚ САБАҒЫ

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының өсиеттері – қай заманда да жастардың рухани бағдарын айқындап, білім мен еңбектің қадірін ұғындыратын баға жетпес қазына. Осы бағытта 2026 жылғы 13 қарашада Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының мұғалімі Досболғанова Гүлнар Қалиқызы 6 «Г» сыныбымен қазақ әдебиеті пәнінен «Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі» тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өткізді. Мемлекеттік деңгейдегі «Адал азамат», «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» құндылықтарымен үйлескен бұл сабақ классикалық әдебиет пен бүгінгі білім беру үрдісінің сабақтастығын көрсетті.

Ашық сабақ барысында хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығы жан-жақты таныстырылып, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі білім, ғылым, адамгершілік, еңбек пен талап құндылықтары терең талқыланды. Ақынның өскелең ұрпаққа өсиет еткен бес асыл іс пен бес дұшпан туралы тағылымды ойлары оқушылардың пікірлерімен сабақтастырылып, мазмұнды пікірталасқа ұласты. Досболғанова Гүлнар Қалиқызының әдеби мұраны жас ерекшелігіне сай тартымды әрі түсінікті жеткізе білуі – ұстаздың жүйелі әрі жауапты кәсіби еңбегінің нәтижесі.

Сабақтың ерекшелігі – оқу үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерінің тиімді қолданылуында. Заманауи технологиялар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берді. Гүлнар Қалиқызының жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оны сабақ мақсатына үйлестіруі – заманауи білім берудегі Еңбек адамының ізденімпаздығы мен кәсіби шеберлігінің айқын үлгісі.

«Адал азамат» құндылықтары негізінде өткен талқылау барысында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және білімге құштарлық ұғымдары бүгінгі өмірмен тығыз байланыстырылды. Оқушылар өлеңдегі терең мағынаны ұғынып қана қоймай, «Нағыз білімді, саналы және адал азамат болу үшін қандай қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек?» деген сауал төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Мұндай саналы ізденіс балалардың өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ішкі тәртіп пен заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтейтін тұлға болып қалыптасуына негіз қалайды.

Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия ұжымы ұлттық құндылықтар мен заманауи білім беру тәсілдерін ұштастырған мұндай сабақтардың жастар тәрбиесіндегі маңызы зор деп санайды. Абай өсиетімен сусындап, білім мен еңбекті серік еткен шәкірттер – ел болашағының сенімді тірегі.

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІНІҢ ІЗДЕНІСІ ЖӘНЕ «ЗЕРДЕ» ЖОБАСЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *