Сауран ауданының мәдениет үйінде «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты, тұрғындардың өз кәсібін ашу үшін Түркістан облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық жұмысшы топ арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналысты аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбай, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрбол Рысбаев, «Ырыс микроқаржы» ұйымының өкілі қатысты.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша жоғарыда аталған азаматтар жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына ауыл шауашылығы бағытында қаржылай қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты бойынша несие алу жолдары және мен тәртібін кеңінен жан-жақты түсіндіріп өтті.
Ауылдағы ағайын банктен несие алуда көп кедергіге тап болады.Себебі кепілге қоятын мүлкі жоқ, не талапқа сай емес. Ал «Ауыл аманатының» басқалардан ерекшелігі сол — қатысушының әрқайсысының жағдайы, қаржылық мүмкіндігі жеке қаралады.
«Ауыл аманатының» артықшылығы — берілетін несие пайызының аздығы, әрі ауылдық жердегі үйді кепілдікке қоюға болатыны. Жеңілдетілген несие алғысы келетін кәсіпкерлер тек мал, құс пен өсімдік шаруашылығы, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағыты бойынша жұмыс істесе жеткілікті.
Жиын барысында кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, арнайы келген мамандар тиісті жауаптарын берді.
Comments