ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТАР САЛЫНАДЫ

Сайрам ауданындағы мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары қадағаланып, ретке келтіріледі. Малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолы кесіліп, санитарлық талапқа сай болуы бақыланады. Сонымен бірге малдың қанын, сүйегін, ішек-қарнын, терісін терең өңдейтін зауыттар ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылына арнайы барып, кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Санитарлық салаға жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдары басшыларына жұмысты ширату жөнінде ұсыныс берді. Жергілікті әкімдік пен басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

– Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі берген ұсыныстарыңыз бойынша жұмыс жүреді. Қолдаймыз. Бірақ, қазір бірінші кезекте санитарлық жағдайды ретке келтіріп, қоғамда талқыланып жатқан мәселені реттеуіміз қажет. Малдың қанын арыққа ағызу, қоршаған ортаны ластау мүлдем дұрыс емес. Тоқтатылады. Ауылдағы әрбір мал сою бекеті, кәсіпкерлер, мал саны толық есепке алынып, тіркелсін. Жұмыс тобы құрылсын. Жауапты басқарма мен аудан, ауыл әкімдігіне осы мәселені шұғыл шешуді тапсырамын. Бірінші кезекте малдың қалдығын тастайтын арнайы шұңқыр дайындалады. Оған жер бөлініп, тиісті жұмыс жүреді. Жауапты мекемелер осы шаруаны жүзеге асыруға күш салуы тиіс. Бірақ бұл жүйелі әрі түбегейлі шешу үшін мал қалдықтарын терең өңдейтін зауыттар салған жөн. Қалдықтардан балық, құс шаруашылығына қажетті азық әзірлеуге мүмкіндік мол. Осы бағытта біз шетел инвесторларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Малдың қанын, ішек-қарнын, терісін, сүйегін өңдейтін кәсіпорындар ашамыз. Дегенмен, осы кәсіпорындарды өздеріңіз ашқандарыңыз ұтымдырақ болады. Егер өзара келісіп, зауыттар ашатын болсаңыздар алдымен сіздердің ұсыныстарыңызды қолдаймыз. Өздеріңіз ақылдасып, бірігіп, араларыңыздан үйлестіруші азаматтарды сайлап, осы бағыт бойынша ұсыныс беріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.

Еркін форматтағы кездесуде аудан кәсіпкерлері мал сою бекеттерін дамыту, мал қалдығынан балық шаруашылығына қажетті азық дайындау, кондитер өнімдерін шығару, кәсіпкерлікке сертификат беру, инфрақұрылыммен қолдау көрсету және өзге де жобалар бойынша ұсыныстар берілді. Бұл өтініштер бақылауға алынып, жұмыс жүргізіледі.
Жұмыс сапарында облыс әкімі Қарабұлақ ауылындағы мал сою бекетінің жұмысымен танысты. 30 адам жұмыспен қамтылған бекетке 200 млн. теңге инвестиция салынған. Жобаның қуаттылығы – тәулігіне 100 бас мал. Өңір басшысы кәсіпкердің ұсынысын тыңдап, ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАН: В САЙРАМСКОМ РАЙОНЕ ПОСТРОЯТ ЗАВОДЫ ПО ГЛУБОКОЙ ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ ЖИВОТНОВОДСТВА

Работа откормочных площадок и убойных пунктов в Сайрамском районе будет контролироваться и приведена в порядок. В частности, контроль будет установлен за соблюдением санитарных требований, чтобы избежать беспорядочного выброса крови и костей животных. Кроме этого, будут открыты заводы по глубокой переработке отходов животноводства — крови, костей, кишечника, кожи животных.

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды посетил село Карабулак Сайрамского района, провел встречу с предпринимателями и выслушал их предложения и мнения. Руководителям учреждений и правоохранительных органов, ответственных за санитарную сферу, было поручено усилить работу. Поручения получили и местные акиматы и управления.

— По вашим предложениям по развитию предпринимательства идет работа. Мы поддерживаем. Но сейчас, в первую очередь, необходимо привести в порядок санитарную ситуацию и урегулировать обсуждаемый в обществе вопрос. Сбрасывать кровь скота в канаву, тем самым загрязняя окружающую среду, — крайне неправильно. Это должно прекратиться. Каждый убойный пункт в селах, предпринимателей, количество скота – взять на полный учет и зарегистрировать. Создать рабочую группу. Поручаю ответственным управлениям и акиматам районов и поселков срочно решить данный вопрос. В первую очередь будут подготовлены специальные ямы для утилизации отходов животноводства. Для этого отведут землю, проведут соответствующую работу. Ответственные учреждения должны прилагать усилия. Но для системного и радикального решения проблемы нужно построить заводы по глубокой переработке отходов животноводства. Из отходов можно готовить корма для рыбного и птицеводческого хозяйства. В этом направлении мы ведем переговоры с иностранными инвесторами. Хотим открыть предприятия по переработке крови, кишечника, кожи, костей животных. Но более рациональным будет то, если такие предприятия откроют предприниматели. Если мы договоримся по открытию заводов, то сначала поддержим ваши предложения. Вместе с вами обсудим, назначим координаторов и дадим рекомендации по этому направлению, — сказал Дархан Сатыбалды.

На встрече в свободном формате предприниматели района дали свои рекомендации по развитию убойных пунктов, заготовке кормов для рыбного хозяйства из отходов животноводства, выпуску кондитерских изделий, выдаче сертификатов на предпринимательство, инфраструктурной поддержке и по другим проектам. Все обращения взяты на контроль, по ним будет проведена работа.

В ходе рабочей поездки аким области ознакомился с работой убойного пункта в селе Карабулак. Здесь трудоустроены 30 человек, стоимость проекта — 200 млн тенге. Мощность предприятия — 100 голов скота в сутки.

Глава региона заслушал предложение предпринимателя и отметил, что сельское хозяйство и предпринимательство сейчас активно поддерживаются государством.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Қарағандыдағы NIS түлегі Шанхай Цзяотун университетіне оқуға түсті

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР САЯБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *