ӘлеуметҚоғам

ҚАҺАРМАНДЫҚ ТАҒЛЫМЫ – МӘҢГІЛІК МҰРАМЫЗ (-3-)

Сынтас ауылының даңқты ардагері Анарбай Мырзахметов ақсақал Алла бұйыртса биыл 98 жасқа шығады. Соғысқа 1944 жылы өз еркімен аттанып, Украина маиданында жүрген қиян-кескі шайқастарға қатысқан. Польшаның Варшава қаласын, Германияның Магденбург, Бланкенбург, Берлин қалаларын азат ету әскери операцияларына да қатысып, жауынгерлік шеберлігін көрсете білген. «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Герменияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған. Соғыс аяқталған соң, 1950 жылға дейін әскери десанттың құрамында Отан алдындағы борышын өтеген. Туған жеріне оралып, ұзақ жылдар бойы «Жаңатұрмыс» ұжымшарында ферма меңгерушісі, жүргізуші болып еңбек еткен.
Жеңіс жауынгерлерінің ерлік жолы – кейінгі толқын ұрпақтарға мәңгілік үлгі-өнеге болып бекіді. Жауынгерлік парыз, Отан алдындағы борыш, елдің тұтастығына қорған болу – мәңгілік ескірмейтін құндылықтар. Партиямыз ұрпақ тәрбиесі ісінде ұлтымыздың қаһармандық үлгі-өнегесін, мемлекетшілдік құндылықтарын тұрақты түрде және жүйелі негізде ілгерілететін болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ҚАҺАРМАНДЫҚ ТАҒЛЫМЫ – МӘҢГІЛІК МҰРАМЫЗ (-2-)

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *