БілімЖаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИГІЛІКТЕРІ

«Шымкентте 23 арнайы білім беру ұйымы және 2 ресурстық орталық, 3 инклюзияны қолдау мен 1 ресурстық кабинет бар. 2022 жылы қалада «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы», жалпы білім беру ұйымдарының ішінде 122 логопункт, 126 мектеп жанынан медиация кабинеті ашылды. Сондай-ақ, 46 бірлік логопед штаты қосылды. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Яғни, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың ұтымды әрі қолжетімді әдісі.

— Инклюзивті білім беру ерекше балалардың мектептің қажеттілігіне емес, керісінше, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі қажет екенін көрсетіп отыр. Дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білім беру ұйымында оқытылуы олардың қоғамға тез бейімделуіне жетелейді. Яғни, ерекше оқушылар біріккен оқу процесінде дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Бүгінде қаладағы жалпы орта білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін — 2774 оқушы бар. Оның ішінде 829 бала 88 мектепте инклюзивті білім алса, ал 471 оқушы 9 мектепте ұйымдастырылған 59 арнайы сыныпта оқып жүр. Мектепке дейінгі 53 мекемеде 1 202 бала логопедтік көмек пен психологиялық-педагогикалық қолдау алып отыр. Көру қабілеті бұзылғандар үшін Брайль қарпімен жазылған арнайы оқулықтар алынды, — дейді білім саласының мамандары.

Айта кетейік, Шымкенттің барлық білім беру ұйымдарында пандус орнатылып, ішкі есіктер мен әжетханалар бейімдеуден өткізілген.

«Шымкент келбеті»

«ШЫМҚАЛА» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ КӨНЕ ШАҺАРДЫҢ ТУРИЗМ ТЫНЫСЫН АШТЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *