Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ: ДАМУ, БІЛІМ, СЕНІМ ЖӘНЕ БІРЛІК КҮШІ!

Қазіргі заманда кәсіподақ қызметі тек бастамашылдық пен ұйымшылдықты ғана емес, сонымен қатар кәсіби дамуды, құқықтық сауаттылықты, заман талабына сай әрекет етуді және жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын тиімді қорғауды талап етеді. Осыны ескере отырып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы кәсіподақтық білім беруді жүйелі түрде ұйымдастыруға, кәсіподақ активінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының әлеуетін нығайтуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда кәсіподақ төрағасы үшін өз міндеттерін білу жеткіліксіз. Еңбек заңнамасын, ұжымдық шарт қатынастарын, әлеуметтік әріптестік мәселелерін, еңбекті қорғау талаптарын жетік меңгеріп, еңбек дауларының алдын ала білу, қызметкерлердің мүддесін сауатты қорғау, заңнамадағы өзгерістер мен білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарға сәйкес тиімді шешімдер қабылдау маңызды. Осы бағыттағы маңызды оқиғалардың бірі 17-18 қараша күні Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының бас маманы Сакауова Индира Бердигалиевнаның Шымкент қалалық кәсіподақ ұйымына жасаған жұмыс сапары болды. Сапардың мақсаты-кәсіподақтық оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен танысу, өзара тәжірибе алмасу және кәсіподақ активінің жұмысын жетілдіру. Кездесу барысында Шымкент қаласындағы №74 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметіне ерекше назар аударылды. Аталған ұйымды Нұрболат Абдісалықұлы Сапарбеков басқарады. Ұсынылған тәжірибе, кәсіподақ жұмысын жүйелі ұйымдастыру, команданың белсенділігі мен нақты нәтижелері мықты бастауыш кәсіподақ ұйымының негізі – білімді, бастамашыл әрі ортақ іске бейжай қарамайтын адамдар екенін тағы бір мәрте көрсетті. Индира Бердигалиевнаның кәсіби кеңестері мен консультациялық көмегі кәсіподақтық оқытуды одан әрі дамытуға, бастауыш ұйымдардың қызметін жетілдіруге және құқық қорғау жұмысын күшейтуге тың серпін берді. Шымкент қалалық кәсіподақ ұйымының жүйелі жұмысының нәтижесінде кәсіподақ мүшелерінің қатары жыл сайын артып келеді. Бұл – жай ғана сандық көрсеткіш емес. Оның артында қызметкерлердің сенімі, кәсіподақ қозғалысының беделі және өз құқықтары мен мүдделерінің сенімді қорғалатынына деген адамдардың сенімі тұр. Біз бүгінгі кәсіподақ жай ғана қоғамдық ұйым емес, білім беру саласы қызметкерлерінің өзекті сұраныстарына жауап бере алатын заманауи, білікті әрі нәтижелі құрылым болуы қажет екенін жақсы түсінеміз. Біздің міндетіміз – кәсіподақ мүшелерінің санын арттырумен ғана шектелмей, кәсіподақ мүшелігінің нақты мазмұнын күшейту. Ол үшін құқықтық қолдау, әлеуметтік қорғау, кәсіби оқыту, білім мен нақты істер қатар жүруі тиіс. Мықты кәсіподақ-білімді көшбасшылар, белсенді бастауыш ұйымдар және әрбір кәсіподақ мүшесінің сенімі! Шымкент қалалық кәсіподақ ұйымының қызметіне көңіл бөліп, кәсіби ұсыныстары мен сындарлы қолдауы үшін Индира Бердигалиевна Сакауоваға шынайы алғысымызды білдіреміз! Ортақ іске адалдық танытып, бастамашылдығымен және күнделікті еңбегімен кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен барлық кәсіподақ активіне алғыс айтамыз! Біз алдағы уақытта да үйреніп, дамып, бірлігімізді нығайтып, кәсіподақтың қорғайтын, біріктіретін және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын күш екенін нақты істерімізбен дәлелдей береміз!

БІЗ БІРГЕМІЗ! БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ТІРЛІГІМІЗ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН!

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *