Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

«Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі» деген ұран бүгінгі таңда еліміздің әрбір еңбек ұжымында кеңінен насихатталып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Осы орайда ҚР мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қалалық Қуыршақ театрында «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында маңызды жиналыс болып өтті.

Аталған жиынның негізгі мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек тәртібін нығайту, қоғамда заңға деген құрмет мәдениетін қалыптастыру және масылдық пен жауапсыздық көңіл-күйлерін төмендету болып табылады. Кездесуге театрдың шығармашылық құрамы, техникалық қызметкерлері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенділері қатысты.

Жиналыс барысында еңбек ұжымындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтау, әрбір қызметкердің өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы және еңбек заңнамасының талаптарын жетік білу мәселелері кеңінен талқыланды. Кәсіподақ өкілдері атап өткендей, заң талаптарын қатаң сақтау – тек кәсіпорын ішіндегі тұрақтылықты камтамасыз етіп қана қоймай, жалпы қоғамдағы бейбітшілік пен тәртіптің де берік негізі болып табылады. Осы тұста «Еңбек адамы» бейнесін дәріптеу, қарапайым жұмысшылардың, соның ішінде өнер сахнасының артында еңбек етіп жүрген сахна шеберлерінің, декораторлар мен жарық берушілердің еңбегін бағалау мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.

Жиында сөз алған спикерлер масылдық психологиясынан арылып, адал еңбек етудің қоғам дамуындағы орны зор екенін ерекше атап өтті. Мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды дұрыс пайдаланумен қатар, әрбір азамат өз еңбегімен, кәсіби біліктілігімен табысқа жетуге ұмтылуы тиіс. Өйткені кез келген ұжымның дамуы мен өркендеуі әр азаматтың адал қызметіне, өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен атқаруына байланысты. Қарапайым маман иелерінің күнделікті еңбегін насихаттау және жастарды еңбексүйгіштікке баулу – бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымдарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Мәдениет саласының өкілдері де өз кезегінде қоғамда заңдылық пен тәртіпті орнатуда өнердің, соның ішінде театрдың атқаратын ролі ерекше екенін тілге тиек етті. Жас ұрпақты адалдыққа, еңбексүйгіштікке, заңды сыйлауға баулуда театр сахнасы арқылы берілетін ғибратты қойылымдардың да алар орны бөлек. Бұл орайда Қуыршақ театрының ұжымы тек сахналық туындылар дайындап қоймай, еңбек ұжымы ішінде де тұрақты түрде түсіндіру және құқықтық ағарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Жиналыс соңында қатысушылар өздерін толғандырған еңбек қатынастары, әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау талаптары бойынша сұрақтарын қойып, кәсіподақ мамандарынан тұшымды жауаптар алды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері еңбек ұжымының бірлігін бекемдеп, әрбір қызметкердің өз құқығын қорғауға және жауапкершілігін сезінуге үлкен серпін береді.

Қуыршақ театрында өткен бұл шара «Заң мен тәртіп» қағидатының өндірістік әрі мәдени ортада берік орнығуына, еңбек адамының мәртебесін көтеруге және ұжымдағы берекелі жұмыс атмосферасын сақтауға қосылған елеулі үлес болды. Кәсіподақ тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ: ДАМУ, БІЛІМ, СЕНІМ ЖӘНЕ БІРЛІК КҮШІ!

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *