ДенсаулықЖаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЭПИДУРАЛЬДІ АНАЛЬГЕЗИЯ ӘДІСІ ҚОЛЖЕТІМДІ

Өткен жылы Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасында 10 238 ана босанып, 271 әйел эпидуральді анальгезия көмегіне жүгінген. Оның ішінде 240 жағдай әйелдің денсаулығына қатысты қабылданған шешім болса, 31 әйел толғақ кезіндегі ауырсынуды жеңілдету үшін өтініш білдірген. Бұл туралы Шымкент қалалық №2 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Е.Бегешев мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, эпидуральді анальгезия жасау арқылы толғақ кезіндегі ауырсынуды жеңілдету шамамен 10 жылдан бері қолданылып келеді. Алайда, бұл әдіс бүгінге дейін қан қысымы жоғары, ананың денсаулығындағы кінәраты сәбидің туылуына кері әсерін тигізетін медициналық көрсетілімдер бар кезде науқастың келісімімен жасалған.

— Эпидуральді анальгезия әдісі толғақ кезіндегі ауырсыну ана мен баланың денсаулығына қауіп төндіргенде және медициналық кері көрсетілімдер анықталған жағдайда тағайындалатын. Өткен жылдан бері толғақ кезіндегі ауырсынуды жеңілдету әдісі ақылы негізде де жүзеге асырылып келеді. Мәселен, өткен жылы эпидуральді анальгезия қолданған 271 ананың 31-і толғақ кезіндегі ауырсынуды жеңілдету мақсатында өздері өтініш білдірген. Яғни, медициналық көмектің бұл түрін ақылы алды. Ал, өзге 241 әйел денсаулығына байланысты дәргерлердің тағайындауымен тегін қабылдады. Жыл басынан бері 10 әйел осы әдіспен босанды. Оның үшеуі ақылы. Аталған жағдайлардың барлығы сәтті жүзеге асырылды, — дейді аурухананың анестезиология, реанимация және интенсивтік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Д.Режаметов.

Дәрігерлер эпидуральді анальгезия әдісінің де кез-келген дәрі-дәрмек сынды қарсы көрсетілімдері мен қолдануға болмайтын жағдайлары бар екенін ескертті.

— Арқа омыртқасында дерті бар, тәнтаңбасы (татуировкасы) бар және түрлі қабынулар анықталған жағдайда эпидуральді анальгезия қолданылмайды. Бұл әдіс арқа омыртқасының бел аумағына катетер арқылы жасалады. Оның өзінің тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Белгіленген дәрілік доза ауырсынуды 70 пайызға дейін жеңілдетеді. Себебі, әйел дұрыс босану үшін толғақты сезінуі тиіс. Әсері, шамамен 2 сағатқа жетеді, — дейді Дилшад Пайзахматұлы.

Айта кетейік, Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасы 140 төсек орынға лайықталған. Оның 100-і босанған әйелдер бөлімшесіне арналса, жүкті әйелдер потологиясына 20, жаңа туған сәби потологиясына 20 орын қаралған.

«Шымкент келбеті»

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ ӘЛЕУЕТІНІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ ҚЫМЫЗ ҚҰЙҒЫШ РОБОТ ЖАСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *