АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғамМәдениет

ҚР АҚДМ ЭҚДК ТӨРАҒАСЫ ҒАЛЫМ ШОЙКИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен, олардың белсенді мүшелерімен кездесті.
Ғалым Нұрмағамбетұлы кездесуге қатысушылармен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің басты бағыттарын айқындайтын 2022 — 2026 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасының іске асыру тетіктері туралы пікір алмасты.
Кездесуде еліміздегі этносаралық қатынастарда құқықтық тепе-теңдікте сақтау, оны саясиландыруға, ұлтаралық арандатушылыққа, ксенофобия мен алауыздыққа жол бермеу керектігі туралы да айтылды.
Ғалым Нұрмағамбетұлы өз қызметінде мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыратын облыстардағы «Қоғамдық келісім» мекемелеріне министрлік тарапынан жаңа міндеттер қойылып отырғанын айта келе, ол міндеттерді орындау барысында ҚХА мүшелерінің қоғаммен байланысты нығайтып, ақпараттық ашықтыққа жұмыс істеу керектігін жеткізді.
Кездесуге қатысушылар тарапынан этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін білуі, өзара татулық пен достықты паш ете отырып, азаматтар арасында қандай да бір шекараны, кедергілерді болдырмау, сол арқылы түрлі этносаралық шиеленістердің, құқық бұзушылықтардың алдын алу керектігі баса айтылды.
Кездесу соңында Ғалым Нұрмағамбетұлы Түркістан облысының барша этнос өкілдеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да нәтижелі жұмыстардың бірлесе жүргізілетіндігіне сенімін білдірді.

КЕЛЕШЕК ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ БАТЫЛ ҚАДАМ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *