АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен медиация тәртібін насихаттауға, тұрғындарға құқықтық кеңестер беруге арналған жалпыреспубликалық «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби медиаторлар Бақытжан Бейсембаев,Таубай Шабидинов, Бауыржан Исаевтар келушілерге құқықтық кеңестер беріп, дауласушы тараптарды бітімгершілікке шақыратын медиативтік шараларды түсіндірді.
Акция барысында даулы және келіспеушілік туындатып отырған мәселелер бойынша 17 азаматқа қолданыстағы заңдар шеңберінде медиация тәртібін қолдану арқылы бітімгершілік жолмен тиімді шешімдер қабылдау жолдары түсіндірілді.
Акцияға келушілерге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен қазақ және орыс тілдерінде шығарылған «Соттасқаннан татуласқан әлдеқайда жақсы», «Лучше мириться, чем судиться» бейнефильмі көрсетілді.

ҚР АҚДМ ЭҚДК ТӨРАҒАСЫ ҒАЛЫМ ШОЙКИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Алдыңғы

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН МАРАПТАТТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *