АймақӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясатыРуханият

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ФОКУС ТОПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындары арасында «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың көңіл-күй» мазмұнында фокус-топтық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жылы су ауылдық округінің Әль-Фараби елді мекенінде орналасқан аталған білім ордасында қазақ, тәжік этностарының балалары білім алады.
Тәрбиелік мәні жоғары жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласының мониторинг бөлім басшысы Хамит Исахов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиал басшысы Данияр Мырзамуратов пен Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бексұлтан Айдагараев, Жылы су ауылдық округінің мамандары, Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султановтар мен ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар қатысты.
Аталған зерттеу жұмыстары жастар қозғалысын дамыту басымдықтарына, радикалдық идеялардың таралуына жол бермеу, мемлекеттік құрылымдарға деген сенімділікті арттыру және наразылық көңіл-күйі деңгейіне қатысты мәселелер жөнінде сөз қозғалды.

ТАРИХ БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ

Алдыңғы

ЖАСТАР ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕСТІ, САЙЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *