АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғамРуханият

ТАРИХ БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ

Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің мәжіліс залында Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан облыс аумағында этностар тығыз шоғырланған елді мекендерінде тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тарих бізді біріктіреді», «Дін – қоғамдық біріктіруші фактор» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласының мониторинг бөлім басшысы Хамит Исахов, «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиал басшысы Данияр Мырзамуратов пен Жетісай қаласының Нұр-Алла мешітінің имамы және теолог маманы Нұрғазы Нәлібаев, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бексұлтан Айдагараев, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселерін зеріттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Дәурен Аманов, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесуде Тәуелсіз елімізде бүгінгі таңда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті, бір – бірлерімен ынтымақтастықта, ауыз біршілікте өмір сүруде. Бұл олардың этникалық өзгешеліктеріне қарамастан, барлық қазақстандықтар ұлттық тепе-теңдікте өмір сүруде. Біртұтас Қазақстан халқы «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деген қасиетті ұғым-түсінікті шынайы түрде жүзеге асырып келеді. Қазақстандық патриотизм мен жоғары моральдық рух азаматтық ұлттың шын мәніндегі атрибуттары ретінде әлеуметтік-саяси күшке айналады. Қазақ еліндегі сан алуан ұлттар мен ұлыстар тіршілікте тату-тәтті, өзара сыйластықта және мамыражай бейбіт өмір сүруде. Этносаралық қарым қатынастардың қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы десек артық айтпаймыз. Сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал — Мемлекеттік тіл . Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды. Күшті ел болу үшін мемлекеттік тілдің мәртебесі біздің елімізде қоғам биігінен көрінуге тиіс. Сонда ғана мәңгілік ел құра аламыз. Күн санап әлемдік аренада өзіндік орынын айқындай түскен мемлекетіміздің дамуына өскелең ұрпақтың сауатты, иманды болуы маңыздылығы айтылды.

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСЫП ЖОЛДАУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРҒА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

Алдыңғы

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ФОКУС ТОПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *