БілімЖаңалықтар

Ерасыл Қабылқасымов – International Economics Olympiad-тың қола жүлдегері

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Ерасыл Қабылқасымов экономикадан IEO-2022 халықаралық олимпиадаcының қола медалін иеленді.

International Economics Olympiad биыл бесінші мерейтойлық жарысын Шанхай қаласында онлайн форматта ұйымдастырды, оған әлемнің 40-тан астам елінің 200-ден аса оқушысы қатысты. Жас экономистер жеке турда теориялық және қаржылық сауаттылықтарын сарапқа салса, командалық турда бизнес-кейстің шешімін табумен айналысты.

–      IEO-2022 жоғары деңгейде өтті. Экономика саласының танымал тұлғаларының бірі, Нобель сыйлығының иегері Эрик Маскинді көріп, оның кеңестерін тыңдағаныма ерекше қуаныштымын. Бұл мен үшін құнды тәжірибе болды, – дейді астаналық зияткер.

Ерасылдың жетістіктері қатарында қаржы және экономика бойынша АХҚО республикалық олимпиадасының 2021 және 2022 жылдардағы қос алтыны мен 2020 жылғы күміс медалі бар.

Беделді білім бәйгесіне Қазақстан атынан NIS-тің тағы екі өкілі – Оралдағы Зияткерлік мектептен Сәуле Казетова мен халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Құралай Хамидолла қатысты.

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 30 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ӨЗ ӨНІМІН ӨНДІРДІ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛІМІЗГЕ ТАНЫМАЛ ЖҰЛДЫЗДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *