ЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛІМІЗГЕ ТАНЫМАЛ ЖҰЛДЫЗДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТЕДІ

Елімізде алғаш рет блогер, актер, және спорт жұлдыздарынан құралған «CENTRAL ASIA MEDIA CUP» футболдан медиа турнир өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында өткен брифингте айтылды.

Медиа турнирдің алғашқы ойыны Шымкент қаласында өтеді. Алдағы екі күнде өтетін тартысты турнирге Тараз, Алматы, Шымкент қалалары және көрші Қырғызстаннан жасақталған командалар бақ сынайды. Жеңімпаз команда 3 миллион теңге алады.

–Турнирдің мақсаты – футбол ойынын танымал жұлдыздар арқылы көрсетіп, дәріптеп, жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту. Алғашқы ойын Тассай шағынауданындағы БИІК спорт кешенінде өтеді. Алаңда 4 команда өзара сайысып, жеңген команда финалға жолдама алады,- деді қоғам белсендісі Олжас Мамыр.

–Соңғы уақытта футбол жанкүйерлерінің саны азайып бара жатқандықтан, ойын деңгейін көтеру мақсатында жас блогерлер мен жұлдыздар таңдалды. Себебі, олардан үлгі алатын жастардың саны көп. Сол арқылы жас буынды спортқа тартуды мақсат етіп отырмыз, — «Әзіл әлемі» театрының мүшесі Арман Жанәлиев.

Айта кетейік, финалдық ойын ертең сағат 20:00-де Қажымұқан стадионында өтеді.

Айдана МҰХТАРОВА

Ерасыл Қабылқасымов – International Economics Olympiad-тың қола жүлдегері

Алдыңғы

Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *