АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Төлеби аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің ІІ тоқсандық отырысы өтті. Аталған кеңес отырысына Төлеби аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, аудандық маслихат депутаты Д.Омаров, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, аудандық Аналар кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.

Күн тәртібінде балалардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру мақсатында, биылғы оқу жылының жаз айларында мектеп оқушыларын қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлер мен аула топтарында демалдыру жоспарлары талқыланып, «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қорынан бөлінетін қаражатқа қала сыртындағы лагерлерде әлеуметтік статусқа ие 5-10 сыныптардың 700 оқушысы демалатын болады. Аула топтары аудандық оқушылар ұйымының базасында 4 топ, қалалық саябақта 2 топ жұмыс жасайтын болады. Оған қала мектептерінің оқушылары 1920 бала қамтылатыны айтылды. Сонымен қатар елдің ауыз бірлігін нығайту, және ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың көрсеткіші екендігін айта келе, өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата Заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ҚАСИЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *