ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде 105 кадет Әскери ант қабылдады. Бұл – колледж тарихындағы алғашқы Әскери ант қабылдау рәсімі.

Салтанатты рәсім барысында жас кадеттер Отанға адал болуға, әскери борышын абыроймен атқаруға және әскери тәртіпті қатаң сақтауға дайын екенін білдірді.

Жиын аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» рәсімі де өтіп, әскери қызметтің маңызы мен ел алдындағы жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтылды.

Іс-шара соңында қонақтар мен қатысушыларға арналған ашық есік күні өтіп, келушілер колледждің тыныс-тіршілігімен және оқу жағдайларымен танысты.

Жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және елге қызмет етуге ынталандыру — жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Министр ИИ ОАЭ отметил Astana AI Film Festival как пример возможностей искусственного интеллекта

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *