АймақӘлеуметҚоғамРуханият

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ҚАСИЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!

Бүгін мемлекеттік рәміздер күніне орай Достық ауылдық округінің мәдениет үйінде этнос өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер – қасиетті құндылығымыз» тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараға Мақтаарал аудандық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестік өкілдері, жастар, ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шарада этнос жастары патриоттық әндер шырқап, мың бұрала би билеп өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, іс-шара қатысушылары мемлекеттік рәміздер — кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас нышандары, ұлттық мақтанышы екені жайлы айтып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

Әрбір қазақстандық бала кезінен бастап, мемлекеттік рәміздерді біліп қана қоймай, үлкен құрметпен қарауы міндет. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қастерлеу, дұрыс пайдалану әр азаматтың парызы, борышы және өз елі, жері үшін зор патриоттық мақтаныш сезіммен орындалуы тиіс.

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Алдыңғы

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ…

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *