АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ

2022 жылдың маусым айының 03 — ші жұлдызы күні аудандағы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров Шардара қаласы «Аль-Фаттах» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатпен жүздесті. Кездсеуде А. Данияров қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Кез келген діни ағымның пайда болуында саяси астар бар. Тарихқа үңілсек, Ислам дініндегі ағымдардың бәрі белгілі бір саяси оқиға негізінде пайда болды. Ал сол ағымдарға жастардың еріп кетуінің негізі деп көптеген факторларды атауға болады. Жастық шақтың өзін негізгі фактор десек, қателеспейміз. Имандылыққа бет бұрған жастарымыздың арасында ата — бабамыз ұстанып келген дәстүрлі Ислам діні мен кереғар ағымдарды ажырата білмеген білімсіз жандарда аз болған жоқ. Өйткені, егеменділік алып дінге бет бұрған діни сауаты аз жастарды өз мүддесін ойлаған кереғар ағымдар мен діни секталардың миссионерлері өз қармақтарына іле бастады. Жастардың діни көзқарасына олардың ата — анасы әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Көп жағдайда солай болады. Ата-ана бір көзқараста, бала басқа көзқараста болу — өте сирек кездесетін жағдай. Сондықтан жат діни ағымдар өкілдерінің санының артуының бір себебін осыдан көруге болады. Жастарымызды ондай жат идеологиядан сақтауымыз үшін олардың бойында иммунитет қалыптастыруымыз қажет.

БАЛАЛАРҒА «КЕРУЕН САРАЙДА» КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Алдыңғы

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *