Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ КӨКТЕМГІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылы 33 504 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктердің аумағын, 2 272 680 шаршы метр өзендер мен каналдар аумағын залалсыздандыру жоспарланған.

2022 жылы кеміргіштерге қарсы көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге бюджет есебінен 9 916,6 мың теңге қаржы қаралды.

Көктемгі кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 20.05. — 31.05.2022 жыл аралығында жүргізіліп, 16 752 ш.м. қоқыс-жәшіктердің, 1 136 340 ш.м өзен-каналдардың аумағы кеміргіштерге қарсы залалсыздандырылды.

Мемлекет есебінен залалсыздандыру жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің, өзен-каналдардың аумағына тегін жүргізіледі. Ал, жеке тұрғынжайлар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері зиянкестерді залалсыздандыру жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

Көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындарының назарына!!! Кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді бүлдіршіндердің ұстамауы мен үй жануарлары жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеміз.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢ ГЕКТАРҒА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛДІ

Алдыңғы

Кеңесіп пішкен тон келте болмайды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *