АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ.

2022 жыл маусым айының 17 — ші жұлдызы күні аудандағы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров Шардара аудандық оқушылар үйінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездсеуде А. Данияров қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Алдымен «Деструктив» ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік деген мағыналарды береді Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Жастарымызды ондай жат идеологиядан сақтауымыз үшін олардың бойында иммунитет қалыптастыруымыз қажет. Кез келген деструктивтік діни ұйымы және оның жетекшілері озінің қатарына жаңа адептерді тартуға ұмтылып, бірінші кезекте олардың өмірлік маңызды мұқтаждықтарына назар аударады. Сондықтан, адамды деструктивтік діни ұйымына тарту себептері жетерлі, олардың арасында:

— отбасында, қоғамда, достардың арасында өмірлік іс-әрекетке деген ынталандырмасының жоқтығы;

— өмірдегі махаббат, достық, ұжымшылдық, құрмет, ынтымақтастық сияқты басты құндылықтары бағытынан адасу;

— отбасындағы жағдайсыз моральдық-психологиялық және материалдық жағдайға байланысты жеткіншек баланың қалыптасып келе жатқан психикасына әсер беруі.

ШЫМКЕНТ: КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ КӨКТЕМГІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

Кеңесіп пішкен тон келте болмайды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *