Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢ ГЕКТАРҒА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛДІ

Диқандарымыз биылғы жылы 30,0 мың га. жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан 90,1 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Осы және басқа да ақпараттармен Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Джанбатыров Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

— Егістік алқабы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артқан. Жалпы дәнді-дақылдар -13,0 мың га., жүгері — 0,1 мың га., майлы дақылдар — 3,6 мың га., мал азықтық дақылдар — 9,6 мың га., картоп — 0,4 мың га., көкөніс және бақша дақылдары — 3,4 мың га. жерге егілді.

Қазіргі таңда көкөніс алқаптарынан 17,9 мың т. өнім алынса, 10,1 мың тонна мал азықтық шөп жиналған.

Сондай-ақ, шаруалардың өтінімдеріне сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жанармай жеңілдетілген бағамен литріне 189 теңгеден босатылуда. Бүгінгі күнге дизель отынының нарықтағы бағасы 220-230 теңгені құрап отыр.

2022 жылы ауылшаруашылығы саласында өнімділікті арттыру мақсатында

— минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына — 122 146,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 32,1 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды.

— тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда бірінші ұрпақ будандарының 141,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.

— пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12%-артық (2021ж.-128,0 млн.тг.).

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ -2022» КӨРМЕСІ ӨТІП ЖАТЫР 

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ КӨКТЕМГІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *