БілімЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 77 ПАЙЫЗЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласында 11 қосымша білім беру ұйымы, 17 аула клубы (5-і 2021 жылы ашылған) және мектепішілік түрлі үйірмелерде қаладағы 242 525 оқушының 77% (186 986 оқушы) қосымша біліммен қамтылған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Әліш есеп берді.

Жан басына қаржыландыру есебінен 26 000 бала қамтылуда. Оның ішінде 14 мың бала спорттық, 12 бала мәдени үйірмелерге барады. Балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, 1 өнер мектебі, 1 оқушылар сарайы. Осы жылы 150 орындық өнер мектебінің, келесі жылы 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға беріледі.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді. Сонымен бірге, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 7 200 балаға жазғы демалыс лагерге және 62 800 балаға бір реттік көмекке қаржы қаралды.

Қала әкімі жастарды техникалық білімге бейімдеуді, дуальді оқытуды кеңінен қолдануды, педагогтердің бейімділік біліктілігін жоғарылатуды, жазғы лагерлердің жұмысын жандандыруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ХИРУРГТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ 

Алдыңғы

«ҚАЗАҚ ОПЕРАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *