ЖаңалықтарМәдениет

«ҚАЗАҚ ОПЕРАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ»

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен  Жастар ресурстық орталығында КСРО және Қазақстанның халық  әртісі  әнші Күләш Байсейітованың  туғанына -110 жыл толуына орай «Қазақ операсының саңлағы» атты әдеби әуенді кеш өтті. Кешке жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Әншінің репертуарынан талай тыңдаушылардың ыстық ықыласына бөленген әндерді Азимед көпсалалы колледж студенті Ұ.Расулова   «Қос қарлығаш», «Гәкку» әндерін орындады. Әл-Фараби мектебінің оқушысы Ф.Саттархужаев өзі шығарған арнау өлеңін оқыды. Сонымен қатар оқырмандар ақындардың қазақтың бұлбұл әнші қызына арнап жазған өлеңдерді оқыды. К.Байсейітованың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған видеоролик  жасалды.

Гүлнұр Айтжанова,

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 77 ПАЙЫЗЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН

Алдыңғы

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУЫ АЙТЫЛДЫ   

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *