Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «E-SALYQ BUSINESS» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН 1,5 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕР ПАЙДАЛАНУДА  

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Омартаев, «Е-Salyq Business» қосымшасы кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын цифрландыру арқылы жеңілдету бағдарламасы туралы ақпарат берді.

«Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Әзірлеудегі негізгі мақсат Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету туралы тапсырмасын цифрландыру арқылы іске асыру болып табылады»,-деді спикер.

Бүгінгі таңда қала бойынша «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын 1,5 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланып, тиімділігін көруде.

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы келесі рәсімдерді жасауға болады.

Олар:

1) жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;

2) кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беру;

3) қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізу;

4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу;

5) жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізу;

6) оңайлатылған декларацияны тапсыру (910.00 нысан);

7) кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтату.

Сондай-ақ, мобильді қосымшаның чектері бойынша деректердің болуы, кірістер тіркелімін автоматты түрде қалыптастыруға, бірқатар анықтамаларды алуға мүмкіндік береді.

«E-Salyq Business» қосымшасын алдағы уақытта фермерлер мен шаруа қожалықтары пайдаланатындай етіп, функционалдық аясын кеңейту жоспарлануда.

Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery арқылы жүктеуге болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

Алдыңғы

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КӨЗ ЖАНАРЛАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *