Жаңалықтар

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

Мемлекет басышысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден астам азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

«Түркістан» сарайында өткен бірыңғай қабылдауда қаланың Бас прокуроры Ғабит Мұқанов пен Полиция департаменті басшысы Қайрат Дәлбеков, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары да тұрғындардың мәселесін тыңдады.

Заңсыз құрылысқа жол берілмейтінін білетін қала тұрғыны кәсіппен айналысатын дүкенінің алдындағы қараусыз қалған жерді қосып алып, абаттандыруды мақсат етеді. Бұл жөнінде М.Әйтенов жер қатынастары басқармасына аталған аумақты зерделеп, жекелей қарастыруды тапсырды. Мәселенің тек заң аясында шешілуін тапсырды.

Тұрғын үй сұрап келушілердің де қарасы көп. Қазір қалада тұрғын үй алу тізімінде 48 975 азамат тіркелген. Соның ішінде 1 838 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 9 634 көпбалалы отбасы, 16 839 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, 20 637 бюджеттік қызметшілер және үйі апатты жағдайда деп танылған 27 азамат бар. Қала әкімі мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерлер тек белгіленген тәртіппен кезек арқылы үлестірілетінін тағы да атап өтті.

Еңбекші ауданының тұрғыны 50-ге жуық отбасының атынан инфрақұрылымдық мәселені шешіп беруді сұрады. Шаһар басшысы бүгінде елді мекендерді инжинерлік-инфрақұрылыммен қамту үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын, әр іс жіті бақылауға алынғынын жеткізді.

Қабылдау барысында халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында өз жобасын ұсынған азаматтар да болды. Қала әкімі мұндай жобалардың зерделенетінін айтып ризашылығын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ВЕЛОЖОЛ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: «E-SALYQ BUSINESS» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН 1,5 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕР ПАЙДАЛАНУДА  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *