Жаңалықтар

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері бас қосты. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген маңызды тапсырмаларға қатысты пікірлерін білдіріп, «Жаңа Қазақстанды» қалыптастырудағы қабылданған шараларға қолдау білдірді.

ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Саипжамал Қорғанова саяси реформалар жүргізуді арқау еткен құжаттың маңызына тоқталып, Жолдау аясында ҚХА мүшелері атқаруы тиіс міндеттер жайын баяндады. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауындағы 10 бағытқа жан-жақты тоқталды.

Этномәдени бірлестік өкілдері Президент көтерген бастамалар елімізді демократияландыру бағытында темірқазық болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, мемлекеттің ең басты құндылығы — ел бірлігі екені, ал ішкі бірлікті бекемдеу үшін Жолдаудың орындалуына жұмыла атсалысу қажеттігі айтылды. Осы мақсатта қалалық ҚХА мүшелері «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» ақырыбындағы Жолдауды бірауыздан қолдайтынын, саяси құжатта көзделген міндеттерді іске асыруға белсене атсалысатынын жеткізді.

Ай кетейік, бүгінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы  жанында 17 этномәдени бірлестік пен 7 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді.

«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ

Алдыңғы

«Dombyra party» және көшет отырғызу акциясы өтеді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *