Жаңалықтар

«Dombyra party» және көшет отырғызу акциясы өтеді

Наурыз мейрамына халқымыз өте жауапкершілікпен қарайды, оған алдын ала дайындала бастаған – шаруашылықты ретке келтіріп, арықтарды тазартып, тұрғын үйді тазалап, сәнді киім киіп, бай дастархан дайындаған болатын.

Ұлы Наурыз мейрамын мерекелеу күніне орай «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары «Dombyra party» және көшеттер отырғызу акциясын өткізуін жоспарлаған.

Іс-шара 22 наурыз күні сағат 15.00-де Шымкент қаласының Дендросаябағында өтеді.

Іс-шара Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Елбасы Академиясы, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан жастарының Конгресі қолдауымен ұйымдастырылады.

Бұл мерекеде ағаш отырғызу өте маңызды. Өйткені, Наурыз айында ағаш отырғызу әл-ауқаттың белгісі болып саналады. Сондықтан «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары тамаша дәстүрді жалғастыруға атсалысады. Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар – бұл ұлттың болмысының көрінісі мен өмір сүруінің көрсеткіші. Қазақ халқы жинақталған тәжірибе мен мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа бере отырып, ғасырлар бойы көптеген әдемі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтай алған.

Өтетін орны: Шымкент қаласы, «Дендросаябақ»,  Мерзімі: 22 наурыз 2022 жыл,  сағат 15.00 Намаз Жұлдыз, тел: 8 747 565 15 54

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Алдыңғы

«Түркістан — ер түріктің бесігі» атты республикалық ақындар айтысы өтті      

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *