Жаңалықтар

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ

Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қолдау көрсетті. Азаматтық Альянс мүшелері қалалық Азаматтық ресурс орталығында бас қосып, Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында көрсетілген бағыттар туралы жиын өткізді. Басқосуға үшінші мегаполистегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

– Мұндағы мақсатымыз – Президенттің Жолдауында айтылған үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты тұстарды өзара талқылау. Нақты айтқанда, Мемлекет басшысы Жолдауының жетінші бағытында БАҚ және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту туралы баса айтты. Біздің де ойымызша халық пен билік арасындағы ашықтықты одан әрі нығайта түсуге үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол, осы бағыттағы жұмысты жандандыруымыз керек, – деді Шымкент қалалық Азаматтық Альянс төрағасының орынбасары Жаннета Жазықбаева.

Жаннета Жазықбаева үкіметтік емес ұйымның басшысы ретінде балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс істеп келе жатқанын сөз етті. Ұйым өкілдерінің айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес тақырыбы күн тәртібінен түскен емес.

Жиында қоғамдық ұйымдардың елдің тұрақты дамуына қосып келе жатқан үлестері сөз болып, әсіресе, қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына тигізетін септігі туралы айтылды.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

М.ӘЙТЕНОВ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ МҮШЕ ҰСЫНУ ҚҰЗІРЕТІНЕН БАС ТАРТТЫ

Алдыңғы

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *