АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениет

ДЕНДРОСАЯБАҚТА БИЫЛ 15 МЫҢ КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта жыл басынан бері 5 мың көшет егілген. Көктемге дейін олардың саны 15 мыңға жеткізіледі. Бұл туралы дендросаябақ басшылығы мәлімдеді. Ол көшеттің көбісі дендросаябақтың Самал шағынауданымен шектесетін аумағындағы 6 гектар алқапқа отырғызылды.

– Негізінен өрік, жиде және шие тұқымдарынан 2 мың дана жеміс ағашы егілген. Оған қоса тұқымбақтың маңынан Айлант алқабын құрмақпыз. Ол жерге 830 дана көшет отырғызылды. Олардан бөлек терек талдарының өз алқабы болады. Онда 500 көшет егіліп, өсірілуде. Ал күз айларында, атап айтқанда, қараша айында Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай аумағынан 1 500 дана Сібір шыршасының көшетін жеткіземіз. Олар жерсіндірілген соң келесі жылдың күзінде осы дендросаябақтың ішінде егіледі, – дейді дендросаябақ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Үсен Құрманбай.

Бүгінде дендросаябақтың тұқымбағында көшеттерді тұқымнан өсіріп шығару, оларды күтіп-баптау және саябақтың ішіне бөліп егу секілді жұмыстар жалғасуда. Тұқымбақтағы жұмыстар қысы-жазы жүргізіледі дейді мамандар. Оған қоса бақтың суару жүйесі жаңартылмақ. Соның нәтижесінде көшеттер саябақтан бөлек қаланың басқа да аумақтарында егіледі. Биылғы жаңалық, жыл соңына дейін Шымкентте тағы 7 гүлзар бой көтереді деген жоспар бар.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев.

Фото: Серік Қосаев.

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ✅

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ІРІ СПОРТ НЫСАНДАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *