АймақДенсаулықЖаңалықтарЖастар саясатыСпорт

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ✅

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қаласы білім басқармасы және Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Шымкент жастар лигасы» жобасы басталды.

🔹 Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылып келеді.

🔸 «Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңіне жалпы білім беру мекемелерінен (футбол, баскетбол, волейбол және шахмат ойындарына) қатысуға Абай ауданынан – 37, Әл-Фараби ауданынан – 26, Еңбекші ауданынан – 35 және Қаратау ауданынан 37 білім ұйымдарынан 507 командадан өтініш түсті. Ойындарды ұйымдастыру үшін 420 денешынықтыру мамандары жұмылдырып, 5 848 оқушы аталған спорт түрлерінен жарыстарға қатысуда.

💠 Командалардың, ойындары туралы ақпараттармен жаңалықтар күнделікті @shymqala_Zhastary және @shymkent_jastar_league әлеуметтік желісінде жарияланатын болады.

🔰 Жобаға қатысушы командалардың қызығушылығын арттыру мақсатында жалпы 80 млн теңге қаралып, әр спорт түрінен бірінші орынға иеленген жеңімпаз командаға 20 млн теңге қаржылай сыйлықпен марапатталатын болады.

ШЫМКЕНТ: ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 96 НАУҚАС ЕМДЕЛУДЕ 

Алдыңғы

ДЕНДРОСАЯБАҚТА БИЫЛ 15 МЫҢ КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *