АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханиятСаясат

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ — БОЛАШАҚҚА БАҒДАРШАМ

    Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегінде жасаған кезекті Жолдауы ел тағдырының ғаламдық сын-қатерлердің сынағы жағдайында шыңдалуының адастырмас бағдаршамы қызметін атқарады. Жолдаудың бірнеше бағыты жоғары білім беру орындарының оқу бағдарламаларын замануи жаңа жағдайларға икемдеу туралы тапсырма беріп отыр.
Өйткені, оқу орындарында берілген білімдердің жаһандану заманында шапшаң ескіруі үрдісі орын алып отырған қазіргі кезеңде оқу бағдарламаларын жаңа шынайылыққа икемдеу қажеттілігін кезек күттірмес міндет. Оқу орнына түскен студент жас маман ретінде нарыққа шыққан кезде заманның ағымы мен талабына шапшаң икемделіп, тез ілесіп кете алу интеллектісіне ие болуы тиіс.
Қасым-Жомарт Кемелұлы пандемия дәуіріндегі дистанциялық білім берудің кезінде ұлттық телекоммуникациялық жүйелердің кемшілігінен оқушылардың базалық білімдерді игере алмай қалуы, оқудан шығып кету сияқты бірқатар кері құбылыстардың да бетін ашып бергендігін көрсетіп берді.
Президент Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарындағы ғылым саласын дамытуды басты назарда ұстауға, жетекші ғалымдарды тұрақты негізде өз еңбегіне лайықты қаржымен қамтамасыз етуге, гранттық қаржыландырудың мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін арттыруға айқын тапсырма беріп өтті.
Қазіргі әлемде елдер мен тұлғалардың бәсекеқабілеттілігінің негізгі факторының бірі – ол терең цифрландыру. Қазақстан үшін заманауи цифрлік технологиялардың трансферті маңызды. Бұл еліміздің маңызды стратегиялық әріптестерімен қызмет байланысын терең орнату үшін маңызды. Сол үшін отандық ІТ-секторды өсіріп, күшейтуіміз қажет. Жолдауда Төртінші революцияның кейбір бөліктерін енгізу, ол үшін арнайы мамандарды дайындау қажеттілігіне көңіл бөліп, цифрлік өрісті қайтадан жасауға, тіпті «Цифрлік Үкіметтің» архитектурасын қайта жасауға тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындау үшін жүз мыңнан кем емес жоғарғы құзіретті шебер ІТ мамандардың экономиканың саналуан саласында қызмет жасауы үшін өткір қажетті екендігіне басты назар аударды. Өйткені, шаруашылық үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау, автоматтандыру – төртінші өндірістік революция жағдайында отырған Қазақстан Республикасының маңызды міндеті екендігі баса айтылды. Мамандар дайындау сапасы жағынан республикалық ЖОО арасынан 3-ші орында тұрған біздің университет үшін бұл талап аталмыш мамандарды дайындап, нарыққа шығаратын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің алдына да келелі міндет қойып отыр. Өйткені, Қазақстан аса ірі ақпараттық-телекоммуникациялық потенциалын жүзеге асырып, Орталық Азияның цифрлық хабына айналуы тиіс! Президенттің нақ осы талабымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» және «Сананың ашықтығы» атты басымдықтарының талаптары да үндес. Қоғамымызға «Білімнің салтанат құруы» басымдығының білім қуған жастардың санын көбейту, берілетін білімнің сапасын арттыру екендігі түсінікті! Ал, «Сананың ашықтығы» басымдығына келетін болсақ, оның түпкі мақсаты «Халықтың үздік әлемдік жетістіктер мен практикаларға алғырлығын қалыптастыру». Осы үшін әлемде болып жатқан процестер мен оқиғалар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру; Өз Отанына қызмет етуге бағытталған әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру міндеттерін атқару арқылы халықтың өзгерістерге өз әзірлік дәрежесін халықтың қабылдауы; жаңа технологияларды енгізу және оның трансферті индикаторларына қол жеткізу болып табылса – Президент Үндеуінен біз осы талаптарды айнытпай көріп отырмыз! Тек білімге ұмтылған және санасы жаңалыққа ашық жастар мен студенттер ІТ құзіреттілікті өз мамандануының қосымша бір түрі етіп дамыта алады және білімге ұмтылушылықты өзінің негізгі құндылығы ете алады!
      Г. Жанысбекова, «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының басшысы, М.Әуезов атындағы ОҚУ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Алдыңғы

СПОРТШЫҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ ЖАСАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *