АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

         Шымкент қаласында  Мемлекет басшының бұқаралық спортты дамытуға берілген тапсырмасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап  жүрген  спортшылардың қатарында қаламыздың спортшы жастары бар. Шырайлы Шымкент қаласындағы жоғарғы спорт шеберлігі мектебі елімізге танымал спортшыларды тәрбиелеп келеді. Тамыз айының жетінші жұлдызымен жиырма төртінші күндері аралығында  Алматы облысында Қол күрес спорт түрінен өткен Азия чемпионаты өткен болатын Аталған жарыста Шымкент қаласының жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бес спортшысы Азия чемпионы атанып, Шырайлы қаламыздың мерейін үстем етіп қайтты.  Атап айтқанда жүлделі бірінші орынды  Әбсаттар Даурен  60кг салмақ дәрежесінде жеңіске жетсе,
●Анықбай Беймен 65кг, Айдархан Нурдаулет 75кг, Жадігеров Ернұр 85кг, Қадыр Нұрдаулет 70кг, ІІ- орын Мұхамметов Р.
  Аталаған спорт мектебінің оқушылары Эстония елінің Таллин қаласында 28-29.08 күндер аралығында Таеквондодан өткен Халықаралық рейтинговые турнирде мектебіміздің спортшысы Дүйсебай Смайыл 87 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болып, ел мерейін өсіріп қайтты. Үшінші мегаполистің спортшы жастары биік белестерден көріне бергей!

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ — БОЛАШАҚҚА БАҒДАРШАМ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *