ЖаңалықтарҚоғамСпорт

СПОРТШЫҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ ЖАСАЛДЫ

Үшінші мегаполисте ел мерейін асқақтатып жүрген саңлақ спортшы жастарымыз көп. Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға ерекше серпін берген болатын. Жастарымызға салауатт өмір салтын насихаттап, спортпен айналысуына мол мүмкіндіктер жасалған  қаламыздың спортшы жастары байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап, жүлделі орындардан көрініп жүр. Осындай саңлақ спорт жастарымыздың бірі Ермайбай Бекзат  Ресей мемлекетінің Уфа қаласында 2021 жылдың  тамыз айының он алтыншы жұлдызы мен жиырма екінші кндері аралығында  еркін күрестен жастар арасында өткен  Әлем чемпионатында алпыс бес килограмдық салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды.  Шымкент қаласының әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы қаламыздың мақтанышы болған жас спортшы Ермекбай Бекзатты қабылдап, осынау жеңісімен құттықтап, сый-құрмет көрсетіп арнайы сертификат табыстап сәттілік тіледі.   Спорт бәсекесінде ел намысын қорғап,  алар асуымен бағындарар белестерінің көп болуына тілектестігін білдірді.

 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ — БОЛАШАҚҚА БАҒДАРШАМ

Алдыңғы

Halyk Bank шығыннан пайда табу жолын ұсынды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *