АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Шымкент — Тәуелсіз Қазақстанның үшінші мегаполисі.  Шырайлы Шымкент қаласы  Қазақстандағы спорт дамыған қалаларының бірі һәм бірегейі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  халыққа арнаған жолдауында көрсетілген  бұқаралық спортты дамытып, халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруда алдыңғы қатарда жұмыс атқарып келе жатқан  қаламызда спорт саласында жеткен жетістіктеріміз аз емес.  Қаламыздағы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығымен 31 спорт ұйымы жұмыс істейді.  Бүгінгі таңда қалада спорттың 68 түрі дамып келеді, 20 000-нан астам спортшы спортпен шұғылданады, 1110 жаттықтырушы жұмылдырылған.  2021 жылы дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылданумен қамтылған азаматтардың саны қала тұрғындарының жалпы санының 30,6% — ын құрайды.   Байрақты бәсекелерде қаламыздың намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жатқан спортшы жастарымыз аз емес. Солардың бірі Алматы облысында Қол күрес спорт түрінен өткен Азия чемпионатында  ымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің  бес спортшысы Азия чемпионы атанды. Атап айтқанда жүлделі  І- орынды Әбсаттар Даурен  60кг салмақ дәрежесінде жеңіп алды. Анықбай Беймен, Айдархан Нурдаулет, Жадігеров Ернұр, Қадыр Нұрдаулет. 
Жүлделі ІІ- орынды  Р.  Мұхамметов  иеленіп, қаламыздың мерейін өсірді.

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Алдыңғы

«Visit Shymkent» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *