Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалардың жұмысы қатаң бақылауда. Мобильді топ қызметкерлердің науқастарға үй жағдайында дұрыс амбулаторлық қызмет көрсетуін ситуациялық орталықтағы мамандар үйлестіріп отырады. Бұл жұмыстар кешегі өткен штаб отырысында қала әкімі М.Әйтенов берген тапсырма негізінде жүзеге асырылып отыр. Бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов емханаларды аралап, мобильді бригадалардың жұмысын үйлестіретін ситуациялық орталықтың жұмысын бақылап шықты. Мобильді топтың құрамына жалпы тәжірибелі дәрігер, терапевт, педиатор және медбике кіреді. Науқастың денсаулығын тексерген мамандар одан ПТР-сынама алды. Нәтижесі кейінірек белгілі болады. Қазіргі таңда 39 мемлекеттік және жекеменшік емханада шақыртуға баратын 216 мобильді бригада және 45 онлайн консультация беретін бригада жұмыс істеуде. Бригада қызметкерлері Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері барпациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіп, ковидкекүдікті пациенттерден жедел ПТР сынамасын алады. Шымкент қаласы қазір коронавирус індеті өршіп тұрған аймақтардың қатарынада. Қауіптіліктің қою қызыл деңгейі жарияланды. Жағдайды бақылауда ұстауға барлық сала жұмылдырылған.
Comments