Үшінші мегаполис атанған көркем де көрікті Шымкент қаласының жайқалған жасыл желегі оны одан әрі әдемілендіре түсуде. Қазақстан Республикасы бойынша халқының саны жағынан үшінші орын иеленіп отырған Шымкент қаласының орталығына орналасқан Әл-Фараби ауданында жасылдандыру жұмыстары жүргізілуде. Ғалымдар сонау кезден бері осы Шымкент туралы қала атауына тоқталғанда оның мағынасын «бау-бақшалы қала», «Жасыл қала» немесе «Шыммен қоршалған қала» деп түсіндіреді екен. Осы сөзер Шымшаһарға берілген өте дұрыс атаулар. Бұл күнде жоғарыда айтып кеткендей, Шымқаланың шырайын одан әрі шырайландыра түсу мақсатында осындағы төрт ауданның бірі — Әл-Фараби ауданын жасылдандыру жұмыстары толық қолға алынған.
Сонымен қатар, ағаштар қондырып, оларды күнделікті суару, тиянақты күтім жасау — сондағы жұмысшылардың негізгі атқаратын істерінің біріне айналған. Ерте көктемде аудандағы басты көшелер бойына отырғызылған туя шыршаларына қоршаулар істелді. Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан Әл-Фараби ауданындағы осы игілікті іс «Build stroi» мекемесі тарапынан жүргізілуде.
Comments