Жаңалықтар

 ЕҢБЕКТІҢ ТІРЕГІ: МҰХТАР АХЫЛБЕКОВТЫҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ

Адамның шын мәніндегі қадір-қасиеті мен қоғамдағы беделі ең алдымен оның адал маңдай терімен, өз ісіне деген жоғары жауапкершілігімен өлшенеді. Әр таңның арайымен бірге тасжолға шығып, мыңдаған жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік пен темірдей төзімді, кәсіби біліктілікті талап ететін мәртебелі кәсіп. Көлік тізгінін ұстауды жай ғана мамандық емес, адал өмірлік мұрат етіп таңдаған жандар қоғамның тыныс-тіршілігін қозғаушы басты күш іспетті.

Шымкент қаласындағы «Түркестан көлік компаниясы» ЖШС-нің тәжірибелі қызметкері, кәсіби жолы мен ұлағатты мінезімен әріптестерінің шынайы құрметіне бөленген Мұхтар Шынықұлұлы Ахылбеков – міне, сондай шынайы еңбек адамдарының жарқын бейнесі.

Мұхтар Шынықұлұлының өмір жолы мен еңбек кітапшасына көз жүгіртсеңіз, кәсібилікке деген адалдық пен табандылықтың нақты үлгісін көрсетеді. Жалпы еңбек өтілі 38 жылға жуықтаған ағамыздың өмірі – еңбекке бас июдің, адал қажырдың үлкен мектебі. Соның ішінде салалық кәсіподақтағы 5 жылдық және осы еңбек ұжымындағы тұрақты 5 жылдық белсенді қызметі оның өндіріс пен ұжым өміріне қосқан сүбелі үлесін, өз ісіне беріктігін айқын дәлелдей түседі.

1968 жылдың 3 маусымында дүниеге келіп, өмірдің сан алуан белестерінен сүрінбей өткен жанның бүгінгі жеткен жетістігі – қажырлы ізденіс пен толассыз еңбектің жемісі. Көлік тізгінінде отырған әрбір сәт үлкен сергектік пен қырағылықты талап етсе, Мұхтар Шынықұлұлы әрбір сапардың сапалы әрі қауіпсіз өтуін өзінің азаматтық басты борышы санап келеді.

«Бүгінгі қоғамда оңай олжа табуға ұмтылудан арылып, өз қолымен, адал маңдай терімен нәпақа табу идеясын қалыптастыруда Мұхтар сияқты қарапайым жұмысшылардың үлгісі өте маңызды. Жолдағы тәртіп пен жолаушыға деген ізеттілік – оның кәсіби мәдениетінің басты көрінісі.»

Ұжымдағы әріптестері оны сабырлы, тиянақты, мінезі байсалды және жауапкершілігі өте жоғары маман ретінде жоғары бағалайды. Күрделі жағдайлардың өзінде байыпты шешім таба білетін парасаттылығы мен жастарға үлгі бола білетін адами қасиеттері оны ұжымның сыйлы ақсақалы, қадірлі тұлғасына айналдырған. Жолаушылардың ақ алғысына бөленіп, әріптестерінің сенім тірегі бола білу – әрбір маманға бұйыра бермейтін үлкен бақыт.

Адал еңбек әрқашан бағаланады. Жарты ғасырға жуық ғұмырын еңбекке арнаған, жүрек қалауымен таңдаған мамандығының нағыз шебері атанған Мұхтар Шынықұлұлы Ахылбеков – бүгінгі жас буынды еңбексүйгіштікке баулитын, масылдық көңіл-күйден арылуға үндейтін өнегелі тұлға. Мұндай қарапайым еңбек адамдарын ардақтау мен олардың тәжірибесін кеңінен насихаттау – қоғамда еңбек культін қалыптастырудың басты кепілі.

Жол үстіндегі қауіпсіздік пен сенімділіктің символына айналған еңбек адамының жолы әрқашан ашық, еңбегі әрдайым бағалы болғай!

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ АБЫРОЙЫ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНДА МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ МАРАПАТТАЛДЫ

Алдыңғы

ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ: ШЫМКЕНТТЕГІ №28 МЕКТЕПТЕ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *