Жаңалықтар

 ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕГІ

Әрбір баланың бойындағы қабілетті уақытылы байқап, оның өзіне деген сенімін арттыру – сапалы білім мен саналы тәрбиенің маңызды бөлігі. Осы бағытта Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия педагог-психологы Б.Н.Медетбекованың білім алушылармен жүргізген жүйелі психологиялық қолдау жұмыстары өз нәтижесін берді. Мемлекеттік деңгейдегі «Еңбек адамы», «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» құндылықтарымен үйлескен бұл еңбек оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, үлкен жетістіктерге жол ашты.

Жүргізілген қолдау мен бағыт-бағдардың нәтижесінде мектеп-гимназия оқушылары республикалық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, «БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ – МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» республикалық жас суретшілер байқауында 1 «И» сынып оқушысы Оралбеков Санжар Анурович ІІІ орынды иеленсе, «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» республикалық шығармашылық конкурсында 10 «В» сынып оқушысы Қожабай Иманғали Серікұлы мен 8 «Е» сынып оқушысы Адилхан Әсел Габитқызы І орыннан көрінді. Бұл жетістіктердің артында оқушылардың табандылығы мен педагогтердің қажырлы еңбегі жатыр.

Психологиялық қолдаудың басты мақсаты – оқушының ішкі сенімін нығайтып, өз мүмкіндігіне сенетін, еңбектенуден қорықпайтын саналы тұлға тәрбиелеу. Әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оның қабілетін қолдау оқушыларды дайын нәтижеге немесе масылдыққа емес, өз ізденісі мен маңдай тер еңбегіне сүйенуге баулиды. Сондықтан педагог-психолог Б.Н.Медетбекованың әр шәкіртке назар аударып, оның әлеуетін ашуға бағытталған еңбегі – нағыз Еңбек адамының кәсіби шеберлігінің айқын үлгісі.

Психологиялық қолдау мен шығармашылық ізденіс балалардың толқуын басып, байқауларға тыңғылықты дайындалуына, өз ойын еркін әрі сенімді жеткізуіне тікелей ықпал етті. Педагог-психологтің кәсіби сүйемелдеуі оқушылардың өз күшіне деген сенімін арттырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруға берік рухани серпін берді.

Сонымен қатар, шығармашылық пен ішкі үйлесім оқушылардың саналы жауапкершілігін арттырып, мектеп қабырғасында өзара сыйластық пен заң мен тәртіпке негізделген салауатты орта қалыптастырады. Өз қабілетін танып, еңбегінің нәтижесін көрген оқушы қоғам алдында да, өз ісінің алдында да жауапты болуға ұмтылады.

Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия ұжымы жеңімпаз оқушылар мен педагогтің еңбегін мақтан тұта отырып, алдағы уақытта да әр баланың қабілетін ұштауға арналған жұмыстарды жалғастыра бермек. Әр бала – бір әлем, ал оның бойындағы мүмкіндікті ашу – еңбек пен сенімнің жемісі.

АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН САНАЛЫ ТАҢДАУ: №142 МЕКТЕПТІҢ 11 «Б» СЫНЫБЫНДА ТӘРБИЕЛІК СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *