Мектеп бітіру кезеңіне аяқ басқан жоғары сынып оқушылары үшін өз болашағын айқындау, адал еңбек пен жауапкершіліктің қадірін терең түсіну аса маңызды. Осы бағытта №142 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 «Б» сыныбында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында мазмұнды сынып сағаты өтті. Мемлекеттік деңгейдегі «Адал азамат», «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» құндылықтарымен үйлескен бұл кездесу оқушылардың өмірлік бағдарын айқындап, еңбекке құрметті арттыруға бағытталды.
Сынып жетекшісі Өскенбаева Айнұрдың ұйымдастыруымен өткен сынып сағаты барысында оқушылар адалдықтың адам өміріндегі маңызы, еңбектің қадірі және маңдай термен келген табыстың құндылығы туралы ашық ой бөлісті. Он бірінші сынып оқушыларының өмірлік ұстаным мен еңбек құндылығына қатысты пікір алмасуы – сынып жетекшісінің шәкірттермен сенімді қарым-қатынас орнатып, жүйелі тәрбие жұмысын жүргізе білуінің нәтижесі. Педагогтің бағыт-бағдары мен саналы әңгімесі жастарды үлкен өмірге дайындауда зор мәнге ие.
«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидасы жастарға өмірдегі ең сенімді жолдың адалдық пен қажырлы еңбек екенін көрсетеді. Кез келген жетістік пен табыс маңдай термен, біліммен және өз ісіне деген адалдықпен келгенде ғана берекелі әрі баянды болады. Мұндай тәрбие жұмысы оқушыларды дайын нәтижеге немесе масылдыққа иек артпай, өз күшіне, кәсіби еңбегіне және адал табысқа сүйенетін тұлға болып қалыптасуға үндейді.
Сонымен қатар, адал еңбек пен жауапкершілік құндылықтары қоғамдағы заң мен тәртіпті нығайтумен тығыз байланысты. Өз еңбегін бағалай білетін, заң талабы мен әділдік қағидатын құрметтейтін жас буын еңбек нарығында да, қоғамдық өмірде де саналы әрі тәртіпті азамат ретінде танылады. Адалдық пен жауапкершілік – адам бойындағы өмір бойы қажет болатын іргелі қасиеттер.
Мектеп қабырғасында қалыптасқан осындай саналы ұстаным түлектердің болашақ мамандық таңдауында да, кәсіби жолында да берік бағдар болады. Еңбектің қадірін ерте ұғынған жас өз табысын тек материалдық өлшеммен емес, қоғамға пайдасы мен ішкі ар-ұжданымен сабақтастыра біледі.
№142 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы алдағы уақытта да оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек. Өз еңбегін қадірлейтін, адал жолды таңдайтын жастар – ел болашағының берік негізі.













Comments