Көкшетау қаласындағы «KOKSHE MALL» сауда ойын-сауық орталығында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтармен ашық диалогты нығайтуға бағытталған мемлекеттік органдардың ашық есік күні өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, әділет органдарының, мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрқат Батырқұлов мұндай кездесулердің қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік шыдамдылық қағидаттарын қалыптастыру және мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында 50-ге жуық азамат құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алды.
Шараға келушілердің бірі «KOKSHE MALL» СОО маркетологы Мария Мерцалова болды. Ол Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінен, сондай-ақ нотариус пен адвокаттан мұрагерлік және балаларға арналған мүлікті рәсімдеу мәселелері бойынша кеңес алды. Қатысушының айтуынша, ашық диалог форматы бірден бірнеше мамандардан қажетті түсініктеме алуға мүмкіндік берді.
Қатысушылар мемлекеттік органдармен ашық өзара іс-қимыл форматын оң бағалап, оның халыққа қолжетімділігін, практикалық пайдасы мен маңыздылығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының ақпараты













Comments