Аймақ

ҚАЗЫҒҰРТ: «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ: АЯСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қазығұрт ауданында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Халық заңгері» атты республикалық әлеуметтік акция өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарға заң аясында тегін құқықтық көмек көрсету, азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолдау білдіру болып табылады.

Акция барысында прокуратура, полиция, әділет, мемлекеттік кірістер басқармасы және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері аудан тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беріп, олардың жеке мәселелерін тыңдады. Келушілер құқықтық сұрақтарына нақты жауаптар алып, қажетті кеңес пен бағыт-бағдар алды.

Акцияға қатысқан тұрғындар ұйымдастырушыларға осындай ашық форматтағы кездесулердің жиі өткізіліп тұруын сұрады. Олар үшін бұл — өз мәселелерін шешуге, заңды көмек алуға және мемлекеттік органдармен тікелей байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік.

«Халық заңгері» акциясы – халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтар мен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға бағытталған игі бастама. Осындай шаралар ел азаматтарының құқықтық сауатын кеңейтіп, әділ қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

 

Заң мен тәртіп: Түркістанда жүргізушілерге арналған профилактикалық форум өтті

Алдыңғы

М-32 «САМАРА – ШЫМКЕНТ» АВТОЖОЛЫНДАҒЫ БҰРЫЛЫС АЛАҢЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *