Аймақ

МЕЙІРІМДІЛІККЕ ҚҰШТАР БОЛАЙЫҚ!

5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күніне орай Созақ аудандық кітапханасында ерекше әрі тағылымды шара ұйымдастырылды. «Қайырымды жүрек – әлемге нұр береді» атты іс-шара барысында қоғамдағы мейірімділік пен адамгершілік құндылықтары насихатталып, қатысушыларға осы игі істің маңызы туралы терең ойлар айтылды.

Шараны Созақ ауданы әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы ашып, қатысушыларға жүрекжарды лебізін білдіріп, қайырымдылықтың қоғамдағы рөлі туралы маңызды ойларымен бөлісті. Оның сөзінде «Қайырымдылық — бұл тек қана материалдық көмек емес, ол адамның жүрегіндегі жылы лебізі, көңілінің кеңдігі мен жанашырлығы» деп айтылды.

Кітапхана директоры Нұржамал Әбілжанқызы да қонақтарды мерекемен құттықтап, жиынға келген әрбір адамның қайырымдылыққа деген құштарлығын жоғары бағалап, құттықтау хаттары мен сый-сияпаттар табыстады. Ол өз сөзінде қоғамдағы ең үлкен байлық — бұл адамдардың бір-біріне көмек қолын созуы екенін атап өтті.

Қадірлі меймандардың қатарында Созақ ауданының құрметті азаматтары Қасымжан Өмірұлы, Рысты Тәбетқызы, спорт саласының ардагері Таужан Көшекбайұлы және басқа да көптеген ардақты жандар болды. Олар өз сөздерінде қайырымдылық пен мейірімділіктің адам жүрегінде ерекше орын алатынын және мұндай шаралардың қоғамды жақсартуға үлес қосатынын айтты. Әрбір сөздерімен жүректерге жылу сыйлап, мейірімділікке шақырды.

Шара барысында қонақтарға дастархан жайылып, жылы лебіздер айтылып, барлық қатысушыларға сый-құрмет көрсетілді. Мұндай шаралардың адамдардың арасындағы достықты нығайтып, бір-біріне деген құрмет пен түсіністікті арттыруға зор ықпал ететінін атап өту керек.

Кеш соңында қонақтар әңгімелесіп, дәмнен ауыз тиіп, «Мыңжылқы» мәдениет сарайының өнерпаздары орындаған әсем әндер мен күмбірлеген күйдерді тыңдап, ерекше көңіл-күймен тарқасты. Ән мен әуеннің сиқырлы әлемі барша қатысушыларды бір серпіліске келтіріп, кештің атмосферасын одан сайын құшақ жая қарсы алған мейірімділікпен толтырды.

Бұл игі басқосу жүректерге жылу сыйлап, мейірімділік пен ізгіліктің мәнін тағы бір мәрте ұғындырып, адамдарды бір-біріне жақындатты. Қайырымдылық пен мейірімділік — біздің өміріміздің мәні мен сәні, әрі осы құндылықтарды сақтап, жалғастыру арқылы ғана қоғамымызды гүлдендіре аламыз.

«КҮЗГІ ТАЗАЛАУ» КЕЗЕҢІ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

СОЗАҚТА «ТІЛ ТАРИХЫ – ЕЛ ТАРИХЫ» КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *